Қайырымдылық турнирі
«№21 ЖОББМ» КММ-де Наурыз мерекесіне орай ата-аналар арасында қайырымдылық волейбол турнирі өтті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, отбасыларды ізгілік, өзара көмек және дәстүрді құрметтеу құндылықтары аясында біріктірді. Қатысушылар командалық рух, спорттық белсенділік және көтеріңкі көңіл күй көрсетті. Турнир спорт пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды
