"Ұлттық style"
Мектебімізде «Ұлттық Style» жобасы аясында ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық киім үлгілерін таныстырып, олардың ерекшеліктері мен маңызы туралы мәлімет берді.
Оқушылар ұлттық киімдер арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін көрсете білді. Бұл жоба жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, олардың патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
