Fibonacci International Olympiad
15 қараша күні Астана қаласында «№21 ЖОББМ» КММ оқушысы Петрова Дарина математика пәні бойынша Fibonacci International Olympiad халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, тапсырмаларды сәтті орындап, өту балын жинады.
11 сәуір күні Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Даринаның олимпиаданың әлемдік финалына өткені жарияланды. Финал 19 сәуір күні Түркия елінде өтеді.
Даринаны жоғары нәтижесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс, өз күшіне сенімділік және халықаралық деңгейде жаңа жетістіктер тілейміз!
