
2017 жылғы 24 қаңтар № 21 ЖОМ «Тіл - достықтың құралы» қалалық сайысының финалы өтті. Сайыс 5 тапсырмадан тұрады: таныстыру «Мен ұстазбын, бақыттымын...» (ұлы тұлғалардың бәрі-ұстаздың шәкірті), «Отан, туған жер, тіл тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді жатқа білуі, «Жедел - аударма» (орыс тіліндегі мәтінді қазақ тіліне аудару), «Поэзиядан үзінді оқу» (поэзиядан үзінді оқу), шығармашылық конкурс: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы, Универсиада, Expo 2017 тақырыптарын қамту керек.Әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлдеге № 21 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі Ахметзянова Елена Романовна ие болды. Елена қазақ тілін жетік меңгерген, өлеңді нақышына келтіріп орындайды, өз азаматтық көзқарасын айқын көрсетті. Құттықтаймыз!