"№21 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ-де қысқы демалысқа арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, олардың мақсаты оқушыларды жұмыспен қамту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтына баулу, ой-өрісін дамыту, айналадағы адамдарға қатысты төзімділікке тәрбиелеу болып табылады. Іс-шаралар алуан түрлі болды. Демалыстың бірінші күні мектепте "ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР" өтті. Педагогикалық колледжінің студенттері және дене шынықтыру мұғалімдері 5-7 сыныптар үшін әр түрлі және көңілді жарыстар өткізді. 1-4 сынып оқушылары "Құстарды қорғаңдар!" акциясын өткізді. Олар Дачный шағын ауданында астауларды жасап орнатты. Демалыстың екінші күні жол жүру ережелері және қауіпсіздік техникасы ережелеріне арналды. Сыпайылық және Мейірімділік елі" қызықты театр қойылымындағы 3-4 сынып балалары жұмбақтар мен тапсырмаларды орындай отырып қасқыр қолынан Сыпайылық перизатты босатуға көмектесті. 1-2 сынып оқушылары "Бағдаршам" жасағы өткізген Жол Жүру Ережелері бойынша интерактивті ойынға қатысты. 5 сынып оқушылары Оқушылар сарайында өткен квест-сапарға қуана-қуана қатысты.