ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР
Демалыстың екінші күні жол жүру ережелері және қауіпсіздік техникасы ережелеріне арналды. Сыпайылық және Мейірімділік елі" қызықты театр қойылымындағы 3-4 сынып балалары жұмбақтар мен тапсырмаларды орындай отырып қасқыр қолынан Сыпайылық перизатты босатуға көмектесті. 1-2 сынып оқушылары "Бағдаршам" жасағы өткізген Жол Жүру Ережелері бойынша интерактивті ойынға қатысты.
5 сынып оқушылары Оқушылар сарайында өткен квест-сапарға қуана-қуана қатысты.
