Мектеп пән олимпиадасының қорытындылары
Мектеп пән олимпиадасының қорытындылары.
2016 -2017 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес қараша айында мектеп пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиадалар — бұл интеллектуалдық ойын-сайыстар, біріншіден балаларға пән бойынша білімін, ал екіншіден осы білімді тәжірибеде қолдануға қабілетін көрсету керек. Басты мақсаты – әрбір балаға -з талантын көрсетуге және кейіннен дамытуға мүмкіндік беру. Екінші мақсаты – олимпиадада өздерін танытқан балаларды анықтау, оларды қолдап, дарынды оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру. Пән олимпиадасының 2 кезеңінде 123 оқушы қатысты, 1 кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері мынадай пәндер бойынша: қазақ тілі –19, орыс тілі – 16,ағылшын тілі- 27, математика - 23, физика - 5, биология - 12, химия - 3, география - 2, история -16. Оқушыларды жарыста өз еркімен қатысу мүмкіндігі олимпиадаға қатысуға тартады Екінші кезең қорытындылары бойынша 13 жеңімпаз және 40 жүлдегер анықталды, 1 орын – 13 оқушы, 2 орын – 9 оқушы, 3 орын – 31 оқушы, жалпы қатысушылар санынан 57,7% құрды. Қалалық пән олимпиадасына мектебіміздің 19 оқушысы қатысады. Олимпиада қорытындылары бойынша ҚР-ның Бірінші Президенттің кабинетінде оқушыларды грамоталармен және мақтау парақтарымен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді, сонымен бірге 19 оқушы 8-11 сыныптар арасында қалалық олимпиадаға қатысады.Құттықтаймыз!!!