2016 жылы 18 қараша күні № 21 ЖОМ-де "Біз TIMSS тапсырмаларын шығаруға үйренеміз" семинары өтті. Қалалық мектептер мұғалімдері осы бағдарлама бойынша тапсырмаларды шығару жұмысын жалғастырып жатыр. Осындай семинарлардың басты мақсаты: алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқылы, оқыту әдістемесі және білім беру мазмұнына байланысты, педагогтарды құзыреттілік - бағдарланған тапсырмаларды құру бойынша жұмысына тарту.