№ 21 ЖОМ-де "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шағы" республикалық ақпараттық компания шеңберінде іс-шаралар өтті. Төртінші сынып оқушылары "Менің отбасым" сурет көрмесін ұйымдастырды, бірінші сынып оқушылары достық туралы мақалдар сайысына қатысты. Осы іс-шаралардың мақсаты: қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, халықты, ата-аналарды және кәмелетке толмағандарды балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы хабарландыру.