№ 21 ЖОМ оқушылары «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы" МҚКК-на барып "Экология" бөлімінің "Құпиялы және танымал әлем» шеңберіндегі «Ақылдылар» интеллектуалды ойынға қатысты. «Вершина рекордов», «Перекресток трех дорог» сайыстарында экологиялық сипаттағы сұрақтарға жауап беру керек еді. Қатысушылар өздерін, өз қабілеттерін көрсетіп, көп жаңа және қызық нәрселерді білді.