Бейіндік сесияны өткізу
Көктемгі бейінді сессия шеңберінде 8 сынып оқушылары ғылыми жобаларды қорғады. Оқушылар әр түрлі бағыт бойынша жобаларды ұсынды: «Ағылшын тілінде математика», «Адам өміріне ауа ылғалдылығының әсері», «Химиясыз ас бөлмені тазалау», «Кристаллдарды өсіру», «Жұлдызды аспанның геометриясы», «Әр істе әр дәлдік», «Әдемі, бірақ қорқынышты құбылыс - найзағай», «Денсаулыққа аяқ-киім үлгілерінің әсері» және тағы басқалар. 48 жоба ұсынылды. Сессия жұмысына ИнЕУ мұғалімдері А.К. Сатынская және А.М. Утилов қатысты.