«Туға теңелу»

2017 жылғы 30 мамыр күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы аясында Жеңіс алаңында Даңқ обелискінде «Туға теңелу» ту топтары IX қалалық байқауы өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихына құрмет және ұқыптылықты қалыптастыру, патриоттық және азаматтық борышты тәрбиелеу. Байқау қорытындысы бойынша № 21 ЖОМ ту тобы гран-при алды. Құттықтаймыз!