СПОРТТЫҢ ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЭСТАФЕТА

2017 жылдың 7 қазанында облыстық білім беру басқармасының дене тәрбиесі бойынша аймақтық оқу-тәжірибелік орталығы және Павлодар қаласының Білім басқармасы әскери-патриоттық жұмыстың жоспары шеңберінде Кенжекөл орта мектебінде әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қорғаныс кубогы өткізілді.
Эстафета нәтижесі бойынша тәжірибелі оқытушы және тәлімгер Б.А. Сыздықов бастаған № 21 мектептің оқушылары құрметті екінші орынға ие болды.