«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
Бүгін республикалық телеарналар эфирінде Нурсултан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауымен сөз сөйледі. Жолдауды көргеннен кейін мектеп директоры Т.Б. Веневитина түсіндірмелік тезистерді берді, елдің жаңғыру процесінде жас ұрпақтың рөліне ерекше көңіл бөлді.
Талқылауға қатысқан мұғалімдер Жолдаудағы әлеуметтік саясатқа, халықтың әл-ауқатына, адам капиталының сапасын жақсартуға үлкен рөл бөлініп отырғанын айтты. Білім беру және денсаулық сақтау жүйесіне, әлеуметтік және тұрғын үй саласына, экономикаға өзгерістер енгізу қарастырылуда.