"Киелі жерім,қасиетті елім, Павлодар!"
№21 ЖОМ кітапханашысымен бірге №3 қалалық балалар кітапханасы Павлодар облысының 80-жылдығына арналған "Киелі жерім, қасиетті елім Павлодар" атты шарасын өткізді. Бұл шараның мақсаты оқушылардың Павлодар туралы білімдерін байыту, туған қаласының тарихын тереңрек білуге жағдайлар жасау, өзінің кіші туған жеріне деген мақтаныш сезімін дамыту, туған өлкесін жақсы көруге, патриот болуға тәрбиелеу.