
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін" мерекелеу аясында 2018 жылдың 26-30 қараша аралығында мектеп оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді. 7-8 сынып оқушылары "Рухани жаңғыру" тақырыбына, 9-11 сынып оқушылары "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбына эссе жазды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен алғыс хатттармен марапатталды. Бірінші орын дипломымен 10 "Б" сынып оқушысы Биторф Артем, екінші орынмен 8 "В" сынып оқушылары Шукитова Айсулу және 9 "Д" сынып оқушысы Яненко Илья, үшінші орынмен 7 "В" сынып оқушылары Комарова София және Окатова Айгерим марапатталды. Алғыс хаттармен келесі оқушылар марапатталды: 11 "Б" сынып оқушылары Кусаинов Рашид, Кудабаев Арстан, Пичугина Ангелина, 10 "Б" сынып оқушысы Дансаликов Каим, 9 "В" сынып оқушысы Женисова Мадина. Байқаудың ұйымдастырушылары барлық оқушыларға қатысқан үшін алғыстарын білдірді!