Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына байланысты қалалық пневматикалық қарудан оқпен ату жарысы

12 желтоқсан күні № 26 ЖОМ мектебінде өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына байланысты қалалық пневматикалық қарудан оқпен ату жарысына №21 ЖОМ мектебінің оқушылары - Кадырова Аружан, Хамит Махамбет - 10 А сыныбы, Сундуков Никита - 10 Б сыныбы. Жарыс қорытындысы бойынша Хамит Махамбет 2 жүлделі орынға ие болды. Жеңісімен құттықтаймыз және де әрі қарай жеңіс тілейміз.