Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауының тікелей трансляциясы
23.01.2019ж.№21 ЖОМ-да оқушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының онлайн көрсетілімі өтті.
Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымыздың гүлденуі ісіндегі маңыздылығын нақты түсінуі тиіс. Оларды табысты іске асыру үшін бүгінгі күні қоғамның ортақ мақсаттар төңірегінде шоғырлануы аса маңызды. "Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс. Жастардың барлық санаттарын қолдау шараларының толық кешенін қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру қажет. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын. Барлық бағыттар бойынша біздің жастарымызды, Қазақстанның болашағын қолдауға болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.