Ашық сабақ
#21 ЖОМ -де 2"Г" сыныбында әдебиеттік оқудан А.Раскин "Әкем қызбен қалай дос болды", В.Голявкин "Нағыз достық" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өздерінің және сыныптастарының жауаптарын бағалады, нағыз дос туралы бір-бірімен дос болуға еш кедергі жоқ деп өз ойларын айтты. Шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтау мақсатында көрнекілікті қолдана отырып сабақ тақырыбын ашты.Балалар топпен,жұппен,жеке-дара жұмыс жасады.Сабақ соңында достық туралы ән айтуға да үлгерді.