Онлайн-курс
Осы жылы НЗМ Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандары критериалды бағалаудың бөлігі ретінде тапсырмалар мен бағалау құралдарын әзірлеу бойынша онлайн курстарын жасады. Осы онлайн-курс бағдарламасының мақсаты - критериалды бағалау жүйесін енгізу аясында бағалау құралдарын әзірлеу және сараптау кезінде мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру. Курста әр түрлі тапсырмалар түрлері, оларды дайындаудың әдістері мен стратегиялары, әр тапсырма түрі туралы егжей-тегжейлі айтылады. Курстың соңында сіз сабақтың тапсырмаларын дайындауда сынып материалдарын қолдана аласыз. Әр пән бойынша жеке онлайн курсы жасалды. Оның ішінде математика, физика, химия, тарих, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бар.