"Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі " тақырыбында ашық сабақ

21 ЖОМ "Балдәурен" әдістемелік бірлестігі бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1А сыныбында сауат ашу пәнінен "Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі " тақырыбында ашық сабақ өтті. (Мұғалімі Адилова Қ.Н) Ашық сабақ барысында оқушылар бүгінгі күнге дейін меңгерген білімдерін, оқу жылдамдықтарын көрсетті. Сонымен қатар оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасау, өзін өзі бағалау, бірін- бірі бағалау, кері байланыс жасау дағдыларының қалыптасқаны байқалды. Түрлі ойындар, қызықты тапсырмаларды қызығушылықпен, белсенді орындады.