"PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулері аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында семинар

#21ЖОМ-де бастауыш сынып мұғалімдерінің "PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулері аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті. 21 ЖОМ-нің мұғалімдері Н.В.Гетманская, Ж.А.Алпысбаева шығармашылық топтың жұмысын көрсетті. Тәжірбиелік бөлігінде қала мұғалімдері Блум жүйесімен халықаралық зерттеу тапсырмаларын құрастырды. Семинар соңында қатысушылар ұсыныстарын айтты.