"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" өзін-өзі тану онкүндігі аясында Павлодар қаласының үш мектебінің ( 21,15,18 ЖОМ) оқушылары өзін-өзі тану мұғалімдерінің басшылығымен "Самал" балаларды оңалту орталығына мейірімділік және адамгершілік тұрғыдан қамқорлық акциясын жүргізді. Барлық мектептер өздерімен бірге қоғамдық көмек ретінде әр түрлі жастағы балаларға киім әкелді. Мектептер "Самал" БОО-ның балаларына шағын концерт қойды, одан кейін әр мектеп ас-шай ұсынды. Келгендер БОО-ның туған күн иегерін құттықтап, сыйлық пен музыкалық құттықтау сыйлады.