"Ағылшын тілінің сиқырлы әлемі"

Ағылшын тілі апталығы аясында 4 сыныптарда "Ағылшын тілінің сиқырлы әлемі" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Балалар сөз құрастырып, антонимдерді таңдады, сұрақтарға жауап берді, барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сайыс соңында барлығы тәтті сыйлықтармен марапатталды.