"АТАМЕКЕН"

2020 жылдың 11 наурызында #21 ЖОМ - де қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша " АТАМЕКЕН" апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті. Ашылу барысында әрқашан молшылық болсын деген ниетпен ұлттық тағамдардың бірі - бауырсақ таратылып, бақыт, байлық, сәттілік әкелетін " Тілек" ағашы қойылды. Әр сынып өз қолдарымен жасаған киіз үйден көрме ұйымдастырылып, мектебіміздің домбыра үйірмесіне қатысатын оқушыларымыз күй тартып, ән шырқады.