Шомылу маусымы басталмаса да Павлодар облысында суға кеткендер саны 2. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім бөлімі маусым айының басынан бастап қала жағажайларында күнделікті рейдтер өткізіп, шомылу маусымына арналған қауіпсіздік жадынамалары таратылады. Су жағасында үкендердің сұйемелдеуінсіз жүрген кәмелет жасқа толмағандармен ата-аналарын шақырып алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Білім беру ұйымдарының сайттарында судағы қауіпсіздікке байланысты жадынамалар, бейнероликтер қойылған. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін кәмелетке толмағандарға тек үлкендердің қатысуымен жүзуге рұқсат етілгенін еске саламыз. Балаларыңызды үлкендердің қарауынсыз жағажайға жіберуге болмайды, арнайы жабдықталған жағажайларда жүзуге рұқсат беріледі. Есте сақтаңыздар! Қауіпсіздік толығымен ата- аналарға байланысты!
Жабайы жағажай-бұл қауіпті!