“Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні” халықаралық акциясы өтуде.
2024 жылғы 25 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні” халықаралық акциясы өтуде. Бұл шара әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуын тоқтатуға шақырады.
Зорлық-зомбылықпен күресу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, өйткені тек бірлесе отырып, қауіпсіз және құрметке толы қоғам құра аламыз.
Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамай, көмекке мұқтаж адамдарды қолдау өте маңызды.
Біздің дауысымыз бен іс-әрекеттеріміз өмірді өзгерте алады, сондықтан әр адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғауға атсалысайық!
