Телефон доверия
33-81-23
Адрес: 140006 c. Pavlodar, st. Pavlov 17
reception: 33-81-23, accounting: 33-81-46, methodical study 33-81-25
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Thursday from 14.00 - 18.00 h.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
25 қыркүйек күні Даналық мектебі» аясында ұйымдастырылған «Әжелердің қолөнерлері» атты тәрбиелік-мәдени іс-шара өтті.
25-09-2025 12:27
25 қыркүйек күні Даналық мектебі» аясында ұйымдастырылған «Әжелердің қолөнерлері» атты тәрбиелік-мәдени іс-шара өтті.

25 қыркүйек күні Даналық мектебі» аясында ұйымдастырылған «Әжелердің қолөнерлері» атты тәрбиелік-мәдени іс-шара өтті. Іс шараға Облыстық Нұр Ана әлемі ҚБ қолөнер тобының шебер әжелеріміз, мектеп әжелеріміз қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты -оқушыларға қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлерін таныстыру және оны насихаттау болды. Іс-шара барысында ардақты әжелеріміз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық қолөнер бұйымдарын – кесте тігу, сырмақ сыру, тоқыма тоқу, құрақ құрау, жүн иіру, шәлі тоқу сынды жұмыстарды көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізді.Кейбір әжелер өз қолымен жасаған бұйымдарын ала келіп, олардың жасалу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.Оқушылар қызығушылықпен сұрақ қойып, тәжірибелік жұмыстарға белсене қатысты.Сонымен қатар, оқушылар әжелерге арнап ән айтып, күй шертіп шараға ерекше сән берді. Іс-шара соңында қатысушы әжелерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Бұл іс-шара оқушылардың бойында ұлттық өнерге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбекқорлық пен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды. «Даналық мектебі» жобасы арқылы жас ұрпақ пен қарттар арасындағы сабақтастық нығайып, рухани байланыс қалыптасты.