«Қауіпсіз мектеп үшін»
«Қауіпсіз мектеп үшін» — осындай ұранмен бүгін 8 «В» сынып оқушылары әңгімелесіп, бір-бірінен сауалнама алды: мектептегі мінез-құлық нормалары туралы, мектеп жарғысында көрсетілген белгілі бір ережелер мен баптар туралы, оның ішінде оқушылардың сыртқы келбеті, сабақтағы тәртібі, уақытқа пунктуалды болуы және мектептегі қауіпсіздік мәселелері қамтылды.
Оқушылардың айтуынша, қозғалатын тақырып өте қарапайым көрінгенімен, оның өзіне тән белгілі бір ерекшеліктері бар. Дегенмен жарғы — ол жарғы, ол біздің мектептегі ең маңызды құжаттардың бірі, оны сақтау және оның оқушылардың болашағына, олардың дүниетанымы мен мінез-құлық мәдениетіне қаншалықты әсер ететінін түсіну қажет.


