Сенім телефоны
22 - 81 - 33
Мекенжайы: 140006 Павлодар облысы, Павлодар қ. Павлов көш, 17
қабылдау бөлмесі: 22-81-33, бухгалтерия: 22-82-77, әдістемелік кабинет: 22-81-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
бейсенбі сағат 16.00 - 18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Бүгін, 11.12.2025 ж, мектебімізде 10–11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін АПҚО аясында жиналыс өтті.
11-12-2025 08:59
Бүгін, 11.12.2025 ж, мектебімізде 10–11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін АПҚО аясында жиналыс өтті.

Бүгін, 11.12.2025 ж, мектебімізде 10–11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін АПҚО аясында жиналыс өтті. Кездесу барысында бүгінгі жас ұрпақтың болашағын айқындайтын маңызды тақырыптар талқыланды: өмір бойы оқудың қажеттілігі, үздіксіз дамуға деген ішкі мотивацияны қалыптастыру жолдары, баланың қызығушылығын дұрыс бағытқа бағыттау мәселелері. Жиналыстың бір бөлігі кәсіби бағдарға арналды. Ата-аналар қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтармен, олардың талаптарымен және түлектерге ашылатын мүмкіндіктермен танысты. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларына саналы таңдау жасауға қалай көмектесу керектігі айтылды. Кездесу барысында ҰБТ-ға дайындық жайы қарастырылды. Дайындық стратегиясы, оқу жүктемесін дұрыс бөлу және осы кезеңде отбасы қолдауының маңызы түсіндірілді. Бұл кездесу білімнің мектеп табалдырығымен шектелмейтінін тағы бір мәрте көрсетті. Өмір бойы оқу — болашаққа нық қадам, ал ересектердің міндеті — балаларға сол жолда сенімді жүре білуді үйрету.