Сенім телефоны
22 - 81 - 33
Мекенжайы: 140006 Павлодар облысы, Павлодар қ. Павлов көш, 17
қабылдау бөлмесі: 22-81-33, бухгалтерия: 22-82-77, әдістемелік кабинет: 22-81-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
бейсенбі сағат 16.00 - 18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
2026 жылғы 27 қаңтарда Павлодар қаласы Полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің УПП №4 учаскелік полиция инспекторлары 9–11 сынып оқушыларымен профилактикалық дәріс өткізді.
27-01-2026 08:19

Дәріс барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары, суық қаруды заңсыз алып жүру, есірткі заттарын пайдалану, сақтау және тарату үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіруге және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Учаскелік полиция инспекторлары оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, заң талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға мұқият болуға шақырды, сондай-ақ күдікті заттар немесе құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндірді. Мұндай профилактикалық іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.