27 қаңтарда Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінің өкілдері 9,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
27 қаңтарда Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінің өкілдері 9,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі білім беру бағыттары, оқуға түсу шарттары, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ алдағы уақытта оқуын жалғастыру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Оқушылар ақпараттық технологиялар мен бизнес саласындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысты.
Өткізілген кәсіптік бағдар беру іс-шарасы оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және кәсіби бағытын айқындауға көмек көрсетуге бағытталған.

