Бүгін, 5.02.2026 ж., мектебімізде 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері арнайы келді
Бүгін, 5.02.2026 ж., мектебімізде 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері арнайы келді. Кездесу барысында түлектерге Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, оқу шарттары, талаптар және ішкі істер органдарындағы қызметтің болашағы туралы толық ақпарат берілді.
Кездесудің мақсаты - оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға көмектесу, ІІМ жүйесінде білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру және қоғам игілігі жолындағы қызметке деген саналы қызығушылық қалыптастыру.
Мұндай кездесулер жастарға болашақ мамандығын таңдауда нақты бағыт беріп, маңызды шешім қабылдауға ықпал етеді.

