Құттықтаймыз!
Павлодар қаласындағы «Сатурн» робототехника мектебінің «Digital Nomads» командасы Астанада 11–13 ақпан аралығында өткен AlemTech Fest чемпионатында FLL Explore санаты бойынша Champion’s Award 1-st runner-up жоғары марапатын иеленді. Биылғы дода 7 елден 3500 қатысушы мен 140 команданы біріктірді.
Команда құрамында: Гейер Элеонора («Павлодар қаласының №27 ЖОББМ» 4 «В»), Кавана Эльдар («Детвора» мектебі), Касимов Данат («Павлодар қаласының №39 ЖОББМ» 4 «В»). Жаттықтырушылары: Ли Алексей Олегович, Жамбул Анара Кинаятовна. Жеңіс нәтижесінде команда Болгарияда өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.
