8 «Г» сыныбында «Мемлекеттік қағидаттары» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді.
8 «Г» сыныбында «Мемлекеттік қағидаттары» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік қағидаттардың мәні мен маңызын талқылап, олардың қоғам өміріндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Заңға бағыну, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтар кеңінен сөз болды.
Оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасу кезінде өз көзқарастарын ашық әрі еркін жеткізе білді. Сынып сағаты жас ұрпақтың азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға және ел заңдарына деген құрметін арттыруға бағытталды.