20–23 наурыз күндері Қазақ технология және бизнес университетінің спорт кешенінде Наурыз мерекесіне орай жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті. Қазақстанның әр өңірінен 46 команда, 468 спортшы қатысты. Қатысушылар қатарында «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Сауран» бөлімінің тәрбиеленушілері де болды, олар өз ұжымының намысын абыроймен қорғап, шеберліктерін көрсетті.
51 келі салмақ дәрежесінде біздің мектептің 7 «Д» сынып оқушысы Баймұрат Сұлтан жеңімпаз атанды. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, төрешілік әділ өтті. Барлық қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетіп, бағалы жарыс тәжірибесін жинақтап, спорттық дамуда маңызды қадам жасады. Жаттықтырушысы – Жәменкенов Ертай Хайруллинұлы.
