Назар аударыңыз!
Акция «Мектепке жол»!
Құрметті қала тұрғындары!
Жаңа 2021 – 2022 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ – киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның мақсаты болып табылады.
Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.
Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.
Көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді кез келген мектеп пен Павлодар қаласының білім беру бөлімі бере алады.
«Қызу желі» телефоны -530512