Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

 

Жалпы ережелері мен міндеттері 

  1. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы, олардың өздігінен дамуына, қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін шешімдерді қабылдауға және жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. 

  2. Жоғары сыныш оқушылары кеңесінің негізгі міндеті - әрбір жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға, өмірлік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

  3. Жоғары сынып оқушылары кеңесі - тақырыптық кештер, мерекелік шаралар, би кештерін өткізудің бастаушысы және белсенді қатысушысы. 

    Жоғары сынып оқушылары кеңесін қалыптастыру 

1. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі: сынып жиналыстарында таңдалған , жоғары сынып оқушылар кеңесінің қызметі арқылы сынып пен мектептің өмірін жақсарту, жетілдіру бойынша қызықты жобалар мен ұсыныстар ұсынған белсенді, шығармашылық тұлғалардан (1-2 адам) құрылады.

2. Жоғары сынып оқушылары кеңесінің президенті жыл сайын сайлауға үміткерлерден сайланады.

3. Жоғары сынып оқушылары Кеңесінің Президенті мен оның орынбасары жоғары сынып оқушылары кеңесінің жалпы жиналысында жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

4. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мазмұнына және жоғары сынып оқушыларының кеңесі алдында тұрған міндеттерге сәйкес сектор жасақталады, (құрамы 2-ден 4 адамға):

оқу бөлімі 

құқық бөлімі 

СӨС бөлімі 

спорт бөлімі 

мәдени-көпшілік бөлімі 

редколлегия  

5. Жоғары сынып оқушылары кеңесі сынып ұжымдарымен өз жұмысында сыныптардағы өзін-өзі басқаруды және тәртіпті қамтамасыз ететін оқушылардың ең жауапты және беделді өкілдері болып табылатын сынып старостасы көмектеседі.

     Қызмет принциптері 

 1. Жоғары сынып оқушылары кеңесінің Президенті: 

 жоғары сынып оқушылары Кеңесінің бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады;


жоғары сынып оқушылар кеңесінің отырысын жоспарлайды және өткізеді;

секторлар бойынша бөлінуіне байланысты жоғары сынып оқушыларының кеңесі мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөледі;

өзін-өзі басқару жұмысына оқушылардың неғұрлым көп санын тартады;

тәрбие жұмысының секторларымен, мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс атқарады;

жоғары сынып оқушылары кеңесінің жұмысына белсенділік, шығармашылық үлгісі бола отырып жауап береді.

2. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі төрағасының орынбасары: 

бұл жоғары сынып оқушылары кеңесі төрағасының оң қолы, тапсырылған іске жауапты адам;

төраға болмаған кезде оның міндеттерін орындайды;

жоғары сынып оқушылар кеңесінің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі;

мектептің оқушылар ұжымы идеяларының аккумуляторы болып табылады, өзін-өзі басқару жұмысының басты бағыттарына жеке жауап береді.

3. Жоғары сынып оқушылары кеңесі бөлімінің құқықтары мен міндеттері 

а) Оқу бөлімі:

зияткерлік ойындар, оқу-танымдық іс-шараларды өткізудің бастамашысы және көмекшісі болып табылады.;
балаларға оқу бағдарламасынан объективті себептермен артта қалған сыныптастардың күшімен көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді;
сыныптардың оқу секторларының үлгерім жағдайы туралы есептерді тыңдайды;
 
б) Құқық бөлімі: 
жоғары сынып оқушылар Кеңесінің қызметіне қатысты нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
мектепішілік есепке қою және одан шығару мәселелерімен айналысады (сынып ұжымының шешімі бойынша, мінез-құлқы жақсы жаққа өзгерген жағдайда) );
ата-аналар комитетін тарта отырып, мектепішілік есепте тұрған оқушылармен жұмыс жүргізеді;
әділдік кепілі бола отырып, сыныптардағы жанжалды жағдайларды талдайды;
оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәрбие жұмысы кафедрасында көмек көрсетеді;
құқықтық тақырып бойынша ойындардың белсенді қатысушысы болып табылады.
 

в) Спорт бәлімі: 

физоргтардың қызметі арқылы жалпы мектептік спорттық жұмысты жолға қояды;
сынып, мектеп спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда көмекші ғана емес, барлық спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады;
сыныптарда дене шынықтыру минуттарын ұйымдастыруға және өткізуге, сонымен қатар мектепте таңғы жаттығуларды өткізуге көмектеседі.через деятельность физоргов налаживает общешкольную спортивную работу;

г) Мәдени-көпшілік бөлімі:

ұсақ және ірі тәрбие іс-шараларының бастамашысы, ұйымдастырушысы және қатысушысы:
тақырыптық кештер;
ойын-сауық бағдарламалары;
дискотека, КВН;

мерекелік концерттер мен ертеңгіліктер.инициатор, организатор и участник мелких и крупных воспитательных мероприятий:

д) Редколлегия:

қабырға газеттерін шығаруға жауапты;
мерекелерге және салтанатты линейкаларға мектепті безендіруге басшылық жасайды және қатысады;
гимназияның назарына ақпараттық бюллетень арқылы жарыстардың, олимпиадалардың, көрмелердің нәтижелерін жеткізеді.ответственна за выпуск стенных газет;

4. Жоғары сынып оқушылары кеңесінің мүшелері сектор бойынша айына екі рет жиналып, жоспар құрады.

5. Жоғары сынып оқушылары кеңесі мектеп әкімшілігімен, педагогикалық ұжыммен және ата-аналар комитетімен өзара қарым-қатынаста болады.