Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапхана

 

№ 28 мектептің кітапхана сайтына

қош келдіңіздер!!!

Кітапты құрметті

Қаптап  ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет,

Дақтүсірмей  бір бетке.

Қазақстан азаматтары білімді,мәдениетті, өнерлі болуы  керек.

Ол үшін тереңбілім, өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін  кітапты көп оқу қажет.кітап ,қағаз ағаштан  жасалады.

Ағаш табиғат  байлығы. Кітап табиғат байлығы.

Барлық қор үш бөлмеде орналасқан. Қор негізінен оқу процесіне қажетті бағдарламалық шығармалармен, ғылыми-көпшілік, әдістемелік және арнайы әдебиеттің жеткілікті мөлшерде шағын Қорымен ұсынылған.  Оқу залы кең, онда абонемент бар.  

   Балаларға оқу залында отыру және жазылу басылымдарын көру өте ұнайды, ал мектеп төменгі мектеп оқушыларына арнап "Веселые картинки", "Жануарлар әлемінде", "Мурзилка", "Балдырған" "Мөлдір бұлақ" журналдары мен басқа да журналдар басылымына жазылған, ал орта және жоғары сынып оқушыларына арнап  "Дружные ребята", "Жасөспірім", "Жер ғаламшарының ғажайыптары мен құпиялары" басылымдарына жазылған.

       Кітапхана жұмысы мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес ұйымдастырылған. Ол мектеп директорымен қаралып, бекітілген.

Негізгі ұғымдар

         Осы әдістемелік құралдың мақсаты үшін мынадай ұғымдар қолданылады.

КІТАПХАНА – баспа туындылары мен басқа да құжаттарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастыратын мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі.

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ-баспа туындылары мен басқа да құжаттарды  немесе олардың көшірмелерін насихаттау мен беру, оларды таңдау мен пайдалануға көмек көрсету жөніндегі кітапхана қызметі.

СТАЦИОНАРЛЫҚ КІТАПХАНА-тұрақты тұрғылықты жері бар кітапхана.

КІТАПХАНА ПУНКТІ-кітапхананың аумағы ерекше бөлімшесі, онда кітапхананың штатты қызметкері немесе қоғамдық кітапханашы істейді.

КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ-белгіленген құжатта ресми жазба негізінде кітапхананы пайдаланатын адам.

КІТАПХАНА АБОНЕНТІ-кітапхана қызметін пайдаланатын оқырман немесе мекеме.

КІТАПХАНАНЫҢ КӨПШІЛІК ЖҰМЫСЫ оқырмандар мен халық арасында баспа туындыларын және басқа да құжаттарды ауызша және көрнекі насихаттаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

КІТАПХАНА ҚОРЛАРЫН ЕРКІН ПАЙДАЛАНУ-кітапхана қорынан баспа туындылары мен басқа да құжаттарды тікелей іздеу мен таңдауға оқырмандарға мүмкіндік беретін қызмет көрсету жүйесі.

ОҚУ ЗАЛЫ-өз шегінде баспа және басқа да құжаттар қызметін көрсетуге арналған арнаулы жарақталған бөлме.

КІТАПХАНА АБОНЕМЕНТІ  - белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалану үшін баспа туындылары мен басқа да құжаттар беруді көздейтін оқырмандарға жеке және ұжымдық қызмет көрсету нысаны.

КІТАПХАНААРАЛЫҚ АБОНЕМЕНТ (ҚАА) – белгіленген қағидалар негізінде ел кітапханалары қорларын өзара пайдалануға негізделген кітапхана абонементі.

МЕКТЕПКІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢҮЛГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

І.Кітапхананы пайдалану қағидалары - оқырманның кітапханамен арақатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, қорларды пайдаланудың жалпы тәртібін кітапхана мен оқырмандардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Қызмет көрсетудін жеке тәртібі мен технологиясын нақты жайларды ескере отырып әр кітапхана өздері белгілеп реттейді.

2.Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар, кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді ұйымдастырады.

З.Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ ата-аналар мен жақын мөлтекаудан түрғындарының да кітапхананы пайдалану құқығы бар.

4.Кітапхананы пайдалану тегін.

5.Үйге әдебиет абонементте беріледі. Кітапхананың оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді. Кітапханада жоқ ғылыми әдебиетке кітапхана оқырмандары (мұғалімдер) талабы бойынша кітапханааралық абонемент (КА) арқылы тапсырыс береді.

б.Кітапханада компьютер және басқа техникалық құрал-жабдықтар бар болған жағдайда, оқушылар мен мүғалімдерге дербес жұмыс жасауы үшін компьютердің бағдарламалық қоры, компакт-дискілер /СД/, белгілі электрондық қор, бейнежазбалар, слайдтар, магнитофондық жазбалар, диафильмдер, кодопозитивтер беріледі.

7.Шежірелер (энциклопедия), анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.

8.Кітапхана қорында бар кітап, газет-журналдар, басқа да баспа шығармалары жөне слайдтар, бейнежазбалар, магнитофондық жазбалар, СД, белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі ұйымдастырылады.

9.Кітапханаға оқырмаңдар жазу тәртібі былайша жүргізіледі: оқушылар - сынып тізіміне сәйкес, қызметкерлер - толқұжат бойынша.

10.Кітапханаға жазыларда оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс.

11.Әр оқырманға бес жыл бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры, кітапханада компьютер бар болған жағдайда - электрондық оқырман формуляры толтырылады.

12.Электрондық оқырман формуляры мен кітап формуляры оқырманға баспа туындыларының берілгені мен оларды кітапхана қызметкерінің қабылдаған фактісі мен күнін растайтын құжатгар болып табылады.

13.Басылымдарды жоғалтқаны немесе байқаусызда бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана құны мен мазмұны бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда - олардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Кәмелетке толмаған оқырмандардың қордан баспа туындыларын жоғалтқаны немесе оған орны толмас зиян келтіргені үшін олардың ата-аналары, олардың орнындағы адамдар жауап береді.

14.Жыл сайын оқу жылының басында (қыркүйекте) кітапхана өз оқырмандарының атына жазылған әдебиеттердің барлығын міндетті түрде көрсетіп, оларды қайта тіркейді.

15.Оқырмандар (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы) абонементте алған басылымдардың әрбір данасы үшін оқырмандар немесе кітап формулярына қол қояды.

16.Оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы №157 қаулысымен бекітілген Білім ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтарымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережесіне сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

17.Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі мен абонементтен берілген басылымдар саны шектеліп, сапалы түрде белгіленеді:

мүғалімдер үшін:

оқу әдебиеті - тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

әдістеме әдебиеті - 1 ай мерзімге, даналар саны жеткілікті жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

оқушылар үшін:

бағдарламалық әдебиет - оқушыларды оқытудың барлық кезеңіне беріледі;

бағдарлама бойынша сабақтарда оқылатын шығармалар оқыту бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі;

сыныптан тыс оқу үшін - 15 күнге беріледі;

мерзімді басылымдар 2 атау санымен 15 күнге беріледі.

Бір мезгілде берілген даналар саны (оқулықтарды санамағанда) 8 данадан аспауы тиіс.

18.Пайдалану мерзімі материалға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс жоқ болса ұзартылуы немесе материал бір данада немесе көп сұралатын болса қысқартылуы мүмкін.

19.Кітаптарды қайтарған кезде кітап формулярындағы оқырмандар қолы кітапханашының қолымен өшіріледі.

20.Баспа туындыларын пайдалану мерзімі біткесін 15 күннен кейін кітапханашы оны онкүндік мерзім ішінде қайтаруы керектігі туралы ескерту жасайды. Егер баспа туындылары бұл мерзімде кітапханаға қайтарылмаса, кітапханашы окушының ата-анасына немесе екі ай мерзімде мазмүұны мен құны бірдей басылыммен алмастыру туралы хат-талап жібереді. Талапта қайтарылмаған немесе ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оқырманнан бұл баспа туындыларының құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріліп алынатын туралы ескертіледі.

 

2. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

21. Мектеп кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтер, қызметкерлер) мынаған құқылы:

кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға;

абонементтен кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алуға;

кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алуға;

кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

кітапхана қорында жоқ қажетті ғылыми әдебиеттерді кітапханааралық абонемент (КА) арқылы алуға (тек оқушылар);

кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық білім алуға, ақпараттық дәстүрді және электронды таратқыштарды игеру және пайдалана білуге;

кітапхана өткізетін шараларға қатысуға;

кітапхана кеңесіне сайлауға және сайлануға, кітапханаға нақты көмек көрсетуге;

қосымша ақылы қызметтерді (қосымша қызметтер тізбесі мен құнын әр кітапхана жеке белгілейді және мектеп директоры бекітеді) пайдалануға.

22.Оқырмандар мынаған міндетті:

әр оқу жылының басында оқырмандар қайта тіркелуге;

кітапхананы пайдалану қағидаларын (мектеп кітапханасын пайдалану қағидаларының 3-22 тармақшасына сәйкес) сақтауға;

кітапханадан алған басылымдарын белгіленген мерзімде қайтаруға; кітапхана қорынан алынған баспа шығармаларына, ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға;

кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, бөлмеге үлкен портфелдер мен сөмкелермен кірмеуге;

оқырман кітапхана қорынан дәстүрден тыс ақпарат тарату құжаттарын алғанда, қызметкердің қатысуымен тексереді, ақауы болған жағдайда, белгі соғу үшін кітапхана қызметкеріне ескертеді.

23 .Оқырмандарға:

кітапханадан өздері қол қоймаған кітаптарда алып шығуға;

кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгілер салу, сызу, парақтарын жырту, мұқабасын бүгу т.т.);

каталогтер мен картотекалардан кәртішкелерді шығарып алуға;

ашық кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бүзуға;

қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге болмайды.

24.Кететін оқушыларға жеке іс қағаздары кітапхана абонементінен алған әдебиетін қайтарғаннан кейін ғана беріледі. Кететін мектеп қызметкері кітапханада өзінің кету парағына белгі қойдырады.

 

З.Кітапхананыц құқықтары мен міндеттері

25.Кітапхананың жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді.

26.Кітапхана:

берілген кітаптардың, баспа туындылары мен басқа да материалдардың кітапханаға қайтарылуы үшін тұрақты бақылау жүргізуге;

оқырманнан бұрын берілген, пайдалану мерзімі өткен баспа туындыларын алғаннан кейін ғана кезекті беруді жүргізуге;

КА қағидаларын бұзған абоненттерді әр жағдайда бұзушылық дәрежесіне қарай белгіленген мерзімге КА пайдалану құқығынан айыруға құқылы.

27.Кітапхана мынаған міндетті:

оқырмандардың кітапхана қорларын тегін және ашық пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға тегін беруге;

оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге;

білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға;

ұсынба әңгімелер мен оқырмандардың пайдалануына каталогтер мен картотекаларды, ұсынба тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және ақпарат материалдарын беру жолымен оларға қажетті баспа туындысын таңдауға, сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін, жаңа әдебиеттер көрме-шолуын, Ақпарат күндерін, әдеби кештер, мерекелер мен басқа да шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге;

өз қорларын насихаттауға, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға және ынталандыруға;

компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапхана және ақпарат қызметін көрсетуді жетілдіруге;

қорда бар кітаптарды, баспа туыңдылары мен басқа да материалдарды белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алуды, сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;

ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге;

кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау мен ұстауға;

оқырмандарды демалыс уақытына қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуге;

жұмысқа оқырмандарды қатыстыра отырып, баспа туындыларын шағын жөндеуді (жыртылған және түсіп қалған беттерді, түптемелерді, мұқабаларды желімдеу және т.т.) тұрақты ұйымдастыруға;

оқу жылының басында оқырмандарды жыл сайынғы қайта тіркеуді жүргізуге;

мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге.

 

4. Оқу залы бар кітапханалар үшіноқу залын пайдалану қағидалары

 

28,Оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.

29.Оқу залына сөмкемен, жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен, баспа туындыларының кесінділерімен және басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді.

30.Оқу залында берілетін кітаптар, басқа баспа туындылары мен материалдар саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс көп болған жағдайда берілетін даналар саны шектелуі мүмкін.

31.КА арқылы алынған кітаптар тек оқу залында, ал ол жоқ болса -кітапхана бөлмесінде пайдалануға беріледі. КА бойынша баспа туындылары мына мерзімге (қайта жөнелту уақытын санамағанда): кітаптар - 30 күнге, мерзімді басылымдар - 15 күнге, көшірмелер - 45 күнге беріледі.