“Жаңа білімге заманауи көзқарас” атты Коучинг

“С.Торайғыров атындағы ЖОББМ” КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері “Жаңа білімге заманауи көзқарас” атты Коучинг өткізді. Олар қалалық мектептерден келген 30-ға жуық әріптестерімен өздерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту барысында қолданатын заманауи әдіс-тәсілдерімен, мемлекеттік тілді үйретуде қолдануға арналған жаңа платформалармен бөлісті.
Қазақ тілін деңгейлеп оқытуға арналған сайттар мен оқулықтарды таныстырып, өз тәжірибелерін ортаға салды.