"Біз жол қозғалысының қатысушымыз"
2 «Б» сынып оқушылары жол жүру тәртібін сақтау ережесі бойынша "Біз жол қозғалысының қатысушымыз" сурет салу конкурсына қатысты. Сынып жетекшісі Е.В. Крутикова оқушылармен жол жүру тәртібі ережесін, жол белгілерін білу туралы сүрақ-жауап сабағын өткізді. Балалар жұмбақтың жауабын тауып, жолда жүру, жаяужолда жүру қауіп-қатерінің алдын алу туралы түсінгендерін бөлісті. Одан кейін сурет салып, ең үздік дегендері мектеп көрмесіне қойылды.