2012 жылдың 14-желтоқсанында Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақстан – елім менің, Қазақстан – Республикам менің» тақырыбында мектеп ұжымы үшін салтанатты жиналыс өтті.Жиналысқа жауапты - орыс тілі пәнінің Дрожилкина Т.М. Оқу ісінің меңгерушісі Нұрмағамбетова Б.С. жетекшілігімен өткен шарада мектеп өмірінде белсене қатысқан мұғалімдерге алғыс жарияланды.
Қазақ тілі мұғалімі Алькеева Р.С. «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең...» тақырыбына, тарих пәнінің мұғалімі Исмаилов А. «Казахстан : вчера, сегодня, завтра» тақырыбында баяндама жасады. Кітапханашы Сегізбаева С.А., кәсіподақ ұйымының төрайымы Полозюкова А.В. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.