Денсаулық қалашығындағы қызықты оқиғалар
1-4 сынып оқушылары Денсаулық қалашығындағы саяхатын жалғастырды. Олар бүгін "Ауырмау керек" көшесіндк болды, саяхат жетекшісі - 4-б сынып оқушылары (сынып жетекшісі Е.Л. Чукреева).
Тымаумен ауырмауға, микробтармен қалай күресу керек екенін балаларға Айболит дәрігер таныстырды. Көнілді жаттығулармен айналысу, шынығудың жолы екенін көрсетті.
Дұрыс тамақтану, дәрумендерді қолдану, санитарлық гигиенаны сақтау - денсаулық кепілі екендігіне балалардың көздері жетті.