9 сәуірде жоғары сынып оқушыларының кеңесі (президенті Ширшина Ольга, президент орынбасары Минина Анастасия және Рябов Виктор) "Біз біргеміз" қалалық конкурсының жартылай финалына қатысты. Конкурс оқу жылының басында бастау алған, бірнеше турлар болып өтті. Жартылай финалға 12 мектеп жолдама алды, оның ішінде біздің темтепте бар. Жартылай финал "Шығыс базары" туры аясында өткізілді. Бұл конкурстың мақсаты мектеп көшбасшыларының ұйымдастырушылық қабілеттерін анықтау. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі ойынға қатысушыларға әр түрлі орталықтарды көрсетті. Олар: психолог орталығы, жақсы көңіл-күй жасаушылар, фотоорталық және т.б., сонымен қатар "кереку" символдық ақшасын еңбекпен тапты. Құрамында 5 оқушы бар жоғары сынып оқушыларының кеңесі конкурс қорытындысы бойынша финалға шықты. Мектеп бағдарламасы өте қызықты өтіп, "Хабар" телеарнасынан көрсетілді.
Жоғары сынып оқушыларының кеңесі - қалалық конкурсының жартылай финалының жеңімпазы.