Шығармалар конкурсы

Мектепте "Менің отбасымның әлемі" атты тақырыпқа сурет салу мен шығармалардың балалар көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың 60-қа жуық жұмысы көрмеге қойылды. Суреттердің барлығы берілген тақырыпты ашып, ақ жүрекпен, мазмұны өзіндік тұрғыда жасалған. Балалар көрмесін ата-аналар жиналысына келген ата-аналар мен балалар тамашалады.
Осы тақырыпқа "Менің спорттық отбасым" спорттық-ойын-сауықтық шарасы өткізіліп, оған әкесі мен шешесі және балалары қатысты.
Конкурс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар ұйымдастырушы комитеттің дипломдары мен жүлделерімен марапатталды.