Тілдер күні

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ,-
демекші Павлодар қаласы № 28 жалпы орта білім беру мектебінде Тілдер мерекесіне орай 5-8-сыныптар аралығында «Тіл тағдыры- Ел тағдыры» сыныптан тыс шара өткізілді. Жауапты мұғалім Әлкеева Риза Сәйкенқызы үштұғырлылықты насихаттау саясатын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында танымдық мерекелік шара өткізді