Шәкәрім Құдайбердіұлы 155 ж.

Қарашаның 15-де Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына орай ИНЕУ-де Астана қаласынан келген жазушы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсын Жұртпай ағамызбен кездесу болды. Бұл кездесуге №28-ші мектептің қазақ тілі мұғалімі Ысқақова Айнұр Олжабайқызы қатысып, кейін болған концертінде Шәкәрімнің «Ана жыры» өлеңін жиналған қауымға ұсынды.