Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің отырысы

Жалпы мектептік ата-аналар комитеті құрамында санитарлық-гигиеналық комиссиясы жұмыс істейді.
Комиссия мектеп оқушыларымен мектепте тамақтануды ұйымдастыру туралы сауалнама жүргізді.Сауалнама 5-10 сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушылар ұнатып жейтін тамақтар анықталды: қышқылтым көже, картоп езбесі, котлеттер, ботқалар және т.б. Сонымен қатар комиссия балалар тамақтану кезінде асханаға барды. Ата-аналар комиссиясы асхана қызметкерлерімен, жалға алушымен әңгімелесу өткізді. Тексеріс кезінде оқушылардың асханада тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсынымдары талқыланды.