«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы"
Республикалық онкүндік барысында мектепте «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" шаралары өткізіліп отырады. Кітапханада "Алтын жүрек -анамыз" көрмесі ұйымдастырылып, оны мұғалімдер де, оқушыларда қызығушылықпен тамашалады, сонымен қатар 1-4 сынып оқушылары қатысқан "Мына әлем қандай тамаша" суреттер конкурсы өткізілді. «Барлығы махаббаттан басталады..." қайырымдылық акциясында педагогтар мұқтаж балаларға көмек көрсетіп, қажетті затарды таратып берді.