Наурыз мерекесі
Павлодар қаласының Орталық алаң және қаланың басты көшелеріндегі Наурыз мейрамы Наурыз шашу дәстүрімен басталды, онда бір кеште 31 аппақ қардай киіз үй тұрғызылды. Кең жайылған дастархан келушілерін күтуде болды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арналып мерекенің басты тағамы 7 түрлі тағам қосылған Наурыз көже әзірленіп, палау мен бауырсақтар пісірілді.
Наурыз мерекесін тойлау кезінде балалар алтыбақан теуіп, жастар мен үлкендер ұлттық ойындар мен жарыстар "Қошқар көтеру", "Жілік сындыру" қатысып, ашық аспан астында би билеп, ән салған артистер өнерін тамашалаумен болды.